Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 14 наурыз – Көрісу күні мектебімізде “Даналық мектебінің” “Әжелер мектебі” мен “Аналар” клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында “Бауырсақ party” өтті. Арналған іс-шарада әжелеріміз мен аналарымыз қыздарға ұлттық тағамдарымызды дәріптеп, молшылық пен тоқшылық болсын деген тілекпен бауырсақтың бірнеше түрлерімен, оны жасау үлгілерімен таныстырып көрсетті. Ыстық бауырсақтан дәм татқызып, ауыз тиюге мектеп ұстаздарын, оқушыларын шақырды. Жиналған шарада мерекемен құттықтап, жақсы сөз, жылы лебіздерін білдірді.
#bilim_наурыз2025pvl