Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Жеңіс лентасы – Мәңгілік ерліктің ізі” атты патриоттық акция ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді түрде атсалысып, кеуделеріне Жеңіс лентасын тағып, батырларымызға деген құрметін білдірді. Бұл лента-жауынгерлердің жанқияр ерлігіне деген тағзым мен бүгінгі тыныш өмір үшін алғыс білдірудің белгісі. Бұл-ерлікке бас ию, бейбіт өмірге алғыс айту шарасы!

