Skip to content

ӨҢІРАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ Бүгін 2025 жылдың мамыр айының 16 күні Павлодар…

ӨҢІРАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ
Бүгін 2025 жылдың мамыр айының 16 күні Павлодар облысының Май, Аққулы , Ақсу қаласы және Ертіс аудандарының мұғалімдеріне арналған «Оқу – әдістемелік материалдар негізінде тәжірибені тарату: жаңа идеядан нәтижеге» тақырыбындағы өңіраралық семинар-практикум өтті.
Мақсаты: ауыл мектептерінің озық практик-педагогтерінің кәсіби шеберлігін анықтау, жинақтау, тарату және әріптестік байланыс орнату арқылы білім сапасын арттыру. Сонымен қатар, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасап, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: педагогтер өздерінің кәсіби шеберлігін, авторлық әдістемелерін, тиімді білім беру технологияларын аудан деңгейінде әріптестеріне ұсынып, педагогикалық тәжірибесімен бөліседі. Бұл тәжірибе ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға және мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етеді.
Мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бейсенбина Алмагуль Толеуовна «Сабақты зерттеу: көркем еңбек пәнінен оқушылардың теориялық білімін практикалық дағдысымен үйлестіру» авторлық бағдалама атты тақырыбында онлайн форматта өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *