Мектеп Президентін сайлау
Өзін-өзі басқару ұйымының жоспарына сәйкес мектебімізде 23 қазан күні Мектеп Президентінің сайлауы өтті. Мектеп Президентіне 8 сынып оқушысы – Нуртаева Зарина, 9 сынып оқушылары – Нурлыбеков Ерасыл және Балташ Ерхат қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша 8 сынып оқушысы Нуртаева Зарина мектеп Президенті атанды.
Жаңа мектеп Президентін құттықтай отыра, алға қойған жоспарлары мен мақсаттарының іске асырылуына сәттілік тілейміз.
#өзін-өзібасқаруұйымы
