Май ауданының білім беру бөлімі құзірет орталығы: Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 12 қарашасында “Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы” практикалық ойыны өтті. Байқаудың мақсаты – Көшбасшылар командасын мектеп командалары мен жоба жұмысын ұйымдастыру арқылы мектептегі өзгерістерді басқаруға үйрету.
Ойынға аудан мектептерінен құралған 5 команда қатысты. Осы практикалық ойынға мектебіміздің “QazaqUstaz.kz” командасы белсенділік танытып, кәсіби шығармашылық пен серіктестік рухын жоғары деңгейде көрсете білді.
