Ішкі істер министрлігі 2025 жылды “Құқықбұзушылықтың алдын алу жылы” деп жариялады. Осыған байланысты “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру үшін мектебімізде “Жасөспірім” және “Қауіпсіз жол” профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Май ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Абдрахманов Б.Ш “Бірыңғай құқықтық білім күні” тақырыбы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар оқушыларға жолда, жүру ережелері, түңгі уақытта көшедегі тәртіп, кәмелетке толмағандар арасында көлікті басқару, су тасқыны, өрт қауіпсіздік ережелері, оқушылар арасында жәбірлеу-буллингтің алдын алу, нашақорлық, ағзаға зиянды заттарты қолданбау, лудомания, құмар ойындар тақырыптарында түсіндірме жұмысын өткізді.





