Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында “Балапан” шағын орталық тәрбиеленушілерімен Құм терапия әдісі.
Құм терапиясы – балалардың психоэмоционалды дамуын, шығармашылық қабілеттерін және ұсақ моторикасын дамытуға көмектесетін тиімді әдістердің бірі.
Бұл әдіс балабақшадағы тәрбиелеу-білім беру үдерісінде кеңінен қолданылады.
Құм терапиясының артықшылықтары:
* Эмоционалдық тепе-теңдік: Балалар құммен ойнау арқылы өз сезімдерін білдіріп, стрессті жеңілдетеді.
* Шығармашылық даму: Құммен әртүрлі пішіндер жасау, суреттер салу қиял мен креативті ойлауды дамытады.
* Қозғалыс дағдылары: Ұсақ моториканы дамыту арқылы қол бұлшықеттері жетіледі, бұл кейінірек жазу дағдысына оң әсер етеді.
Құм терапиясы балабақшадағы балалар үшін пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты іс-әрекет болып табылады. Ол баланың жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың өзін еркін әрі сенімді сезінуіне көмектеседі.
Шағын орталықта құм терапиясына арналған қазақы нақыштағы жарық тақталарын қолдану, балалардың ұлттық мәдениетімен жақын танысуына мүмкіндік береды.
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_mai
#біртұтас_тәрбие