«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» құқықтық сағаты
Бүгін мектебімізге Май ауданының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға полиция учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Абишев Дастан Арманұлы келіп, оқушыларға маңызды бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыс барысында келесі тақырыптар қамтылды
🔖Жол қауіпсіздігі ережелері
🔖Алаяқтықтан сақтану
🔖Буллингтің алдын алу
🔖Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
🔖Нашақорлықтың зияны
🔖Құмар ойындардың салдары
🔖Зорлық-зомбылықтың алдын алу
Оқушыларға күнделікті өмірде қауіпсіз болу, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қандай жағдайларда кімге жүгіну керектігі туралы түсінікті әрі пайдалы ақпарат берілді. Шара оқушылар үшін өте маңызды және тиімді өтті. Қауіпсіздік-әр баланың құқығы, ал оны сақтау – баршамыздың міндетіміз!
#Заңжәнетәртіпрvl
