Мектеп директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Ибрайкина Анара Айтпаевна жас мамандарға электронды журналды толтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. “Kundelik.kz”электронды журнал оның көмегімен ата-аналар балаларының үлгерімін бақылай алады, үй тапсырмасын тани алады, сонымен қатар ұстаздардың балалармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынасының заманауи тәсілі.
Мақсаты:
Жас мұғалімдерді педагогикалық құжаттарды дұрыс әрі сауатты толтыруға үйрету;
Күнделікті толтырудың құрылымы мен мазмұнын түсіндіру;
Сабақтарды жоспарлау, талдау және рефлексия жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
Жауапкершілік пен кәсіби тәртіпті арттыру; Педагогикалық қызметін жүйелеуге, өзін-өзі бағалауға және кәсіби өсуге бағыт беру.
#жасмаман
#kundelikkz

