2025 жыл — Жұмысшы
мамандықтарының жылы. Бұл жыл – қарапайым еңбек иелерінің, тынымсыз тірлікпен айналыскан жандардың қадірін арттырып, еңбектің бағасын көтеретін ерекше кезең. Осындай жыл аясында аудандық тамыз конференциясында мектебіміздің электригі Ибрайкин Жанат Нуртаевич жастарды еңбекке баулу, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін арттыру жолындағы адал еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 💐💐💐

