“БАЛДАУРЕН” ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНА САЯХАТ
30 маусым күні “Балдаурен” жазғы сауықтыру лагерінің балалары Павлодар қаласына танымдық әрі көңілді саяхатқа барды.
Балалар ең алдымен Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейіне барып, қазақ руханияты мен тарихына терең бойлады. Саяхаттың екінші бөлігі “Bala park” ойын-сауық орталығына барып көңілдерін көтеріп, түскі ас ішіп дәмді тамақтанды.
Саяхаттың ерекше бөлігі Павлодарское ауылындағы “Белсенді демалыс орталығы” хайуанаттар бағына барды. Бұл жерде балалар әр түрлі жануарларды көріп, оларды өздері тамақтандырды.
Бұл саяхат балалардың көңілдеріне ұмытылмас естеліктер сыйлап, оларды бір-бірімен жақындастыра түсті.
Жазғы лагерь – жаңа достық, жарқын естелік және шынайы бақыт мекені.
