2025 жылдың 5 мамыр күні Май ауданында “Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі” атты ІҮ аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның секциялық отырысының жұмыс бағыты N1: Мектепте және мектепке дейінгі ұйымдарда Сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру және басқару секциясында мектеп директорының міндетін атқарушы Бейсенбина Алмагуль Толеуовна мен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бектурова Мейрамгуль Нурымжановна “Lesson STUDY: зерттеу жұмыстарының тиімділігі” тақырыбында өз іс тәжірибелерімен бөлісті және N4 бағыт Lesson Study нәтижелерінің постерлік таныстырылымы бойынша биология пәнінің мұғалімі Сапарова Назымгуль Социаловна “Биология сабағында деңгейлік тапсырмалар берудің тиімді әдіс-тәсілдері” тақырыбында өз іс тәжірибесімен бөлісті.
#LESSONSTUDY_MAI_2025
@bilim_mai
