4 ақпан – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні. Бұл күн әртүрлі елдерде интернет қауіпсіздігі, балалар мен жастарды онлайн қауіптерден қорғау және интернетті жауапкершілікпен пайдалану туралы ақпарат тарату мақсатында атап өтілді. Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күнінің мақсаты – интернет кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, киберқорлық, алаяқтық, жекелеген мәліметтерді ұрлау сияқты қауіптерден сақтану жолдарын насихаттау. Осыған орай 5-6 сынып оқушылар арасында “Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сынып жетекшісі: Ибрайкина А.А.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
