04.04.2025 ж. “Еңбек адамы-Жас Ұлан көзқарасымен” тақырыбында “Жайдарлы Жас Ұлан КТК” Аудандық зияткерлік конкурсында мектебіміздің “KazakhStyle” командасы қатысып, III орын иеленді. Сайысқа аудан бойынша 5 мектеп қатысып, биылғы “Жұмысшылар жылы” тақырыбы аясында еңбек адамының маңызы мен қоғамдағы іс-әрекеттерін дәріптеп, құрметтеу мақсатында оқушылар қызықты әзілдерімен өз құрметтерін сахналап, бағалай білді. Барлық қатысушыларға және аудандық “Жастар” орталығының ұжымына Алғыс білдіреміз. Мектебіміздің командасын дайындаған жетекші: М.Ибрайкина
#bilim_mai
#біртұтас_тәрбие_pvl
#ЖасҰлан_pvl
